Аз-кем түсінік
«FATTAH TRAVEL» ЖШС 2005 жылы құрылды. Оңтүстік шығыс Азия елдерінің экономикалық дамуындағы ерекшеліктер қазіргі күнде күллі әлемнің назарына ілікті. Осы орайда компания қызметкерлері Оңтүстік шығыс аймақтағы елдердің білім беру жүйесіне маркетингтік зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде, Батыс Еуропа және АҚШ-та беріліп жатқан дәстүрлі білімге қарағанда, еуропалық стандарттарға сай негізделген Шығыс елдеріндегі оқу Қазақстан халқына көбірек ыңғайлы екені анықталды. Сондықтан да «FATTAH TRAVEL» қазақстандықтарға Малайзия, Сингапур, Қытайдың үздік оқу орындарында білім алуға септесу қажет деген шешімге келді.
2009 жылы Малайзияға сапарымды, оқуымды осы компания рәсімдеп, әзірлегендіктен, әрі сол жақта жүріп білім алудың ерекшеліктерімен көзбе көз танысқандықтан осы блогқа да жазбалар жариялап тұрғанды жөн көрдім.
