Fattah Travel қызметтері
БАҒДАРЛАМАНЫ ТАҢДАУ: алған білімің, жеке қызығушылығыңа, “қалтаңа” қарай жауап беретін бағдарлама таңдауға жәрдемдеседі.
АҚПАРАТ: қызықтырған оқу орын туралы мәліметтер: проспектілері, кітапшалары, корпоративті бейне фильмі және т.б. мағлұматтары бар бағдарламаның толық сипаттамасын, оқуға түсу шарттарын, күнін, талаптарын, бағаларына қатысты мәліметтер ұсынылады.
ҚҰЖАТТАРДЫ ТОЛТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ: анкетаны толтыру, университеттің стандартына сай болатын эссе жазу, резюме, ұсыну хаттарын, құжаттарды аудару мен оларды нотариуста тіркеу сияқты “бас ауыртатын”, қағазбастылыққа толы жұмыстарды өз мойындарына алады.
БАҚЫЛАУ: Студент құжаттарының шетелдегі оқу орнына аман-есен жетіп, тіркелуін тікелей өздері бақылайды.
ТАНЫСУ: қажет жағдайда орта мектептер/ колледждер/ университеттермен жақынырақ танысу үшін сапарлар ұйымдастырылады.
КЕҢСЕДЕ ТІРКЕЛУ: студенттерге әртүрлі шетел оқу орындарынан келген делегаттармен кездесуге мүмкінішілік беріледі. Аталған кездесулерде студенттер мен олардың ата – аналарына оқу бағдарламасы жайлы, құжаттар толтырудың шарттары мен жолдары, виза қағидалары, тұру түрлері мен ерекшеліктері, тамақ түрлері және т.с.с. мәліметтер ала алады. Сонымен қатар, өздерін қызықтырған бағдарламаны таңдап, соған тіркеліп, түскені жайлы құжат ала алады.
ЖОЛ САПАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ: тиімді авиабилеттерге тапсырыс береді, әуежайға және әуежайдан күтіп алу қызметін көрсетеді, оқу кезінде тұратын орынмен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Малайзияның ең күн шуақты аралдарының біріне отбасылық демалыстар ұйымдастырады.
ЖОЛ САПАР АЛДЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН БРИФИНГ: жол сапар адында өткізілетін брифингте студенттерге транзит мемлекеттің және баратын елдің картасы беріледі, виза ережелері, кеден тексеруінің қағидалары, жаңа елге келуді жеңілдететін көшіп қону процедурасы жайлы ақпарат беріледі. Одан басқа, жаңа елдің мәдениеті, заңдары мен ережелері, халқының өмір сүру қалпы туралы кеңес беріп, жаңа ортаға тезірек бейімделуге қажетті мәліметтермен қаруландырады.
БАҒЫТ БАҒДАР БЕРУ: агенттіктің жұмысы оқу басталысымен аяқталмайды, студенттерді бағдарламаның соңына дейін байланыста ұстап, үнемі қажетті ақпараттармен жәрдемдесіп отырады
“FATTAH TRAVEL”
Қазақстан Республикасы
050002 Алматы, Пушкин көшесі 20, кеңсе 30
Тел.: (727) 2305727, 2737816
Факс: (727) 2730165
www.fattah-travel.kz

Гулим said
Мен Малайзияга демалыста барып кайткым келеди. Сиздердин компанияларыныз аркылы. Отиниш жауап кутем сиздерден
urimtal said
Құрметі, Гүлім! Барлық мәліметті мына сайттан біле аласыз: http://education.fattah-travel.kz/ қосымша сұрақтарыңыз болса, +7 (727) 291 94 08, 291 82 16, 291 73 86 телефондарына хабарласыңыз.