Аралға жібер, тіл үйренсін!

Оқушы кезімде көрші үйдің баласын әкесі жаз сайын шетелге жіберіп тұратын. Қатты қызығатынмын. Өкінішке қарай, менің жаз айындағы демалысым картошка суарып,  малға қарап, ауладағы бақшаны баптаумен өтетін. Ол кезде, әрине елдің ахуалы да басқаша еді. Қазір баласының болашағын ойлағандар қалай да олардың демалыстарының қызықты да, пайдалы болуын ойлайтыны түсінікті.

кәне, естелікке суретке түсеміз "smile!"

кәне, естелікке суретке түсеміз "smile!"

Менің Малайзияға баруыма себепші болған агенттік өткенде поштама қызықты хат салып жіберіпті. “Летние каникулы в Малайзий” деп аталады. Жаз айларындағы демалыста жастарға Малайзияның тіл орталықтарына барып, ағылшын тілін әлемнің әртүрлі елінен келген жастармен бірге жетілдіріп, әрі ел көруді ұсыныпты.

Былтыр келген кәріс балалар

Былтыр келген кәріс балалар

Төрт апталық курс Пенанг деген әдемі аралдағы ELS тіл орталығында өтпек. ELS американың оқыту әдісі бойынша ағылшын тілін оқытатын, өздерінің арнайы оқулықтары мен компьютерлік бағдарламаларын әзірлеген. Ағылшын тілі екінші тіл болып саналатын кейбір елдерде  бұл орталықтың  серитфикаты IELTS, TOEFL-мен қатар есептеледі. Бұл бағдарламының жалпы құны 3400 АҚШ доллары. Бұл соманың ішіне: ұшақтың барып-келу билеті, әуежайдан күтіп алу, жататын жері, курста оқу ақысы (курс соңынан арнайы сертификат беріледі), аралды аралау, Куала Лумпурға, Хайландз төбесіне саяхат жасау кіреді. Естелікке сыйлықтар алу үшін дүкендер мен Түнгі базарларға да апарады.

Бұл бағдарламаға барушылардың саны 14 жастан асқан болуы тиіс. Себебі сыйға берілетін футболкалар соларға лайықталған :)

Өзім әлі Пенанг аралында болмадым. Бірақ бұл кішкентай арал өзінің табиғатымен көптеген туристерді арбайды деп естідім. Малайлық таныстарымнан сұрасам: “Пенангта бірінші кезекте тамақ жеген жақсы” деп күледі. Толығырақ ақпарат аламын десеңіз, Фаттаһқа хабарласқан жөн.

Bookmark and Share

8 пікір »

  1. Bayan said

    Меніңше, мынау бір пайдалы блог болмақ. Ақпараттарыңыз үшін рахмет, Асхат!

  2. urimtal said

    Рахмет, Баян! Сұрақтарың мен ой-пікірлерің болса, іріккпессің :)

    • Bayan said

      Ендеше, менің сауалдарым — мынау :)
      1. Құны 3400 АҚШ доллары тұратын бағдарлама ол балаларға арналған ба тек?
      2. Тіл оратылыға бармас бұрын ағылшын тілін белгілі бір деңгейде біліп бару қажет пе?

      Рахмет!

  3. Fattah said

    Баян, сіздің сұрақтарыңызға жауап төмеңдегідей:

    1) Бағдарлама 14 жастан жоғары ересек адамдарға арналған.
    2) Тілді мүлде білмесенізде, баруға болады.

    Тағыда сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз.

    Рахмет,
    Лаура

    • Bayan said

      Лаура, рахмет жауаптарыңызға.
      Сауалдарым болып жатса, хабарласам :)

  4. 12aikon1986 said

    Иә қызығатындай екен. Менің арманым басқа жақта білім алу.

  5. [...] көп ұтар едік. Бұл оқушылар бір айдай болады екен. “Фаттаһ” арқылы келгендіктен сапарларының бәрі алдын ала ұйымдастырылып, [...]

  6. [...] оқушылар бір айдай болады екен. “Фаттаһ” арқылы келгендіктен сапарларының бәрі алдын ала ұйымдастырылып, [...]

RSS feed for comments on this post · TrackBack URI

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.