“Offer Letter” болса қалтаңда…

Offer letter болса қалтаңда

Offer letter болса қалтаңда

ELS-тегі либиялық студенттер елден ерекше қуанышты. Ибрагимке университетінен offer letter, яғни құжаттарының оқу орнына қабылданғанын айғақтайтын арнайы хат келіпті. Екі ай бойы сарыла күткен хат Ибрагимнің өміріне күтпеген өзгерістер әкелмек.

Offer Letter дегенге ELS оқып жүрген студенттер өте қатты мән береді. Себебі онысы болмаса, оқуға қабылданбайды. Виза да жоқ. Визасы болмаса, еліне қайтуға мәжбүр. Бұндай хатты алу үшін өзің қалаған оқу орнына құжаттарыңды (әдетте оқу немесе мектеп дипломы, анкета, қаржылық жағдайын дәлелдейтін анықтама қағазы т.с.с.) өткізесің.  Араб елдерінен келген көп балалардың құжаттары кері қайтып жатқан. Себебі оқу орындарында араб студенттеріне бөлінген орын шектеулі.  Сондай-ақ дипломдағы бағалар да онша жақсы емес болса, “жоқ” деген жауап алады. Бір қызығы, Ибрагим тәрізді достарым ақша мәселесіне онша бас қатырмайды. Себебі олар үшін көп ретте оқуға қабылданды деген қағаз болса, шығынды мемлекеттері көтереді (Бұл жағы біздің “Болашаққа” кішкене ұқсас). Бірақ Ибрагим, оқу шығынын әкесі көтеретінін айтқан. Енді ол маусым айында оқу орнына барып, ағылшын тілінен тест тапсырып (ол IELTS, TOEFL тапсырмаған), ағылшын тілі деңгейі оқу талаптарына сай болса, оқуына кіріспек. Ағылшын тілі күткендегідей болмаса, сол оқу орнының әзірлік курсында ағылшын тілін жетілдіруі тиіс. Ең бастысы, хат қалтада.

Bookmark and Share

Пікір жазыңыз